Павлодар политехникалық жоғары колледжі көрсететін мемлекеттік қызметтер

Павлодар политехникалық жоғары колледжі көрсететін мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

Мемлекеттік қызмет көрсетуді бекіту

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

"Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы "14" сәуірдегі № 200 бұйрығы

1) құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, Мемлекеттік корпорацияға-20 күнтізбелік күн.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-10 минут, Мемлекеттік корпорацияда -15 минут;

3) көрсетілетін қызметті берушіде көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-30 минут, Мемлекеттік корпорацияда-20 минут.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы "коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш, онда білімі туралы құжаттың жоғалу мән-жайлары немесе басқа да себептер (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), жарамсыздығы немесе құжатты толтыру кезіндегі қателіктері) баяндалады;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы "14" сәуірдегі № 200 бұйрығы

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:

күндізгі оқу нысанына - 20 маусымнан 20 тамызға дейін;

сырттай (кешкі) оқу нысандарына – 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін.

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут.

1) қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;

      2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;

      3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;

      4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) флюросуреті қоса берілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы);

      5) ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификаты (бар болса);

      6) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларына біліктілік санатын беруге (растауға) аттестаттаудан өту үшін құжаттар қабылдау " мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы "9" қарашадағы № 632 бұйрығы

Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 минут.

Ағымдағы жылдың 25 мамырына дейін:

1. Осы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес аттестаттауға өтініш;

2.Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3. Білім туралы дипломның көшірмесі;

4. Біліктілікті арттыру туралы құжаттың көшірмесі;

5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6. Бұрын берілген біліктілік санаты туралы куәліктердің көшірмесі

7. Кәсіби жетістіктері туралы мәліметтер (сараптама тобына жыл сайын 30 желтоқсанға дейін ұсынылады)

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 6 қарашадағы № 627 бұйрығы

Ауыстыру үшін

Бір ай ішінде, бірақ сессия басталғанға дейін 5 күннен кешіктірмей.

Қайта қабылдау үшін:

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап құжаттарды тапсырған сәттен бастап екі апта ішінде.

Берешек өтелген жағдайда оқу ақысын төлемегені үшін семестр уақытында оқудан шығарылғандардықайта қабылдау үшін - оқудан шығарылған күннен кейін төрт апта ішінде, төлем туралы құжатты көрсеткен кезде - үш күн ішінде.

Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут;

Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут.

Ауыстыру үшін:

1. Ауыстыру туралы өтініш (еркін нысанда);

2. Көрсетілетін қызметті алушы аударылатын оқу орны басшысының қолымен расталған сынақ кітапшасының (үлгерім кітапшасының) көшірмесі.

Қайта қабылдау үшін:

1. Қайта қабылдау туралы өтініш (еркін нысанда);

2. ҚР БҒМ бұйрығымен бекітілген нысан бойынша білімін аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама

Оқу ақысын төлемегені үшін оқудан шығарылған адамдар үшін - төлем бойынша берешекті өтеу туралы құжат.

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді аяқтамаған адамдарға анықтама беру"мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 6 қарашадағы № 627 бұйрығы

Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап-3 күн.

Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут;

Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-30 минут.

1. Анықтама беру туралы білім беру мекемесі басшысының атына өтініш;

2. Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

"Үздік педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау " мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 бұйрығы.

Мемлекеттік қызмет үш кезеңде көрсетіледі:

1 кезең. Педагог қызметкерлер құжаттар топтамасын аудандық және қалалық білім бөлімдеріне тапсырған кезде-жыл сайын 1 сәуірге дейін;

2 кезең. Аудандық және қалалық білім бөлімдерінің өкілдері құжаттарды облыстық білім басқармаларына тапсырған кезде-1 мамырға дейін;

3 кезең. Облыстық білім басқармаларының өкілдері құжаттарды министрлікке тапсырған кезде-30 тамызға дейін.

Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 минут;

қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 минут.

1. Осы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім;

2. Облыстық білім басқармасының басшылары куәландырған конкурсқа қатысушыға ұсыным;

3. Жұмыс орны бойынша куәландырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

4.Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3. Педагог портфолиосы;

4. Конкурсқа қатысушының өзінің педагогикалық қызметі туралы талдамалық есебі;

5. Электрондық тасымалдағыштардағы сабақтар (CD);

6. Эссе;

7. Конкурсқа қатысушының карточкалық базасында қолданыстағы 20 таңбалы ағымдағы шоты туралы хабарлама.

"Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 357 бұйрығы

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 3 (үш) жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 (жиырма) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-30 (отыз) минут.

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

* ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейінгі ауруға байланысты академиялық демалыс беру үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші;

2) амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік - консультативтік комиссияның (бұдан әрі-ДКК) қорытындысы.

* туберкулезбен ауырған жағдайда ұзақтығы 36 айдан аспайтын академиялық демалыс беру үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші;

2) туберкулезге қарсы ұйымның орталықтандырылған дәрігерлік-консультативтік комиссиясының (бұдан әрі - ОДКК) шешімдері;

* бала үш жасқа толғанға дейін академиялық демалыс беру үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші;

2) баланың тууы, асырап алуы туралы құжаттар (куәлік)

* әскерге шақырылған студенттерге академиялық демалыс беру үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші;

2) әскери қызметке шақыру туралы шақыру қағазы.