Колледждің миссиясы, мақсаттары мен даму стратегиясы

Колледждің миссиясы - жоғары сапалы техникалық және кәсіптік білім беруді ұйымдастыру, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделерін интеграциялау, кәсіби құзыретті, үйлесімді дамыған, ұжымда оңай бейімделетін, еңбек нарығының бәсекелестігі жағдайында еңбек етуге дайын тұлғаны қалыптастыру.

Пайымдау - зияткерлік, физикалық, рухани дамыған және табысты азаматты қалыптастыруға ықпал ететін кадрларды даярлаудың және сапалы білім беру қызметтерін көрсетудің тиімді жүйесін құру.

Мақсаты: өндірістің перспективалық қажеттіліктеріне сәйкес кәсіптік білім берудің сапасы мен ұтқырлығын қамтамасыз ету, әлеуметтік-экономикалық жағдайларда еркін бағдарланатын үйлесімді дамып келе жатқан тұлғаны тәрбиелеу.

Міндеттері:

1. Кәсіптік білім беру мазмұнын жаңарту, қазіргі заманғы өндіріс талаптарын ескере отырып, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын түзету;

2. Түлектерді 100 % жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету;

3. Колледждің толымдылығын арттыру, оның ішінде көрсетілетін білім беру қызметтерінің түрлерін кеңейту арқылы;

4. Колледждің материалдық-техникалық базасын жаңғырту;

5. Құқықтық сананы қалыптастыру, олардың айналасындағыларға қатысты құқықтары мен міндеттерін игеру арқылы студенттердің тәрбие деңгейін арттыру;

6. Әдістемелік жұмыстың әртүрлі формалары арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, педагогтар мен студенттердің өзін-өзі жүзеге асыруы үшін оңтайлы жағдайлар жасау;

7. Мамандарды даярлау сапасын басқару жүйесінде колледж бен жұмыс берушілер арасында кері байланыс орнатуға және кеңейтуге жәрдемдесу;

2021 жылға қарай колледждің жағдайы туралы стратегиялық көзқарас:

- Білім берудегі құзыреттілік қағидатына және оқытудың модульдік түріне толық көшу;

- Жұмыс берушінің қажеттіліктерін ескере отырып, жаңа білім беру бағдарламаларын дамыту;

- Білім беру сапасын тиімді басқару және оқу процесін басқару тетіктерін жетілдіру, педагог кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру;

- Оқыту жүйесін ақпараттандыру, сапаны басқару жүйесінде цифрлық білім беру ресурстарын енгізу.

Колледж миссиясын орындау үшін келесі стратегиялық бағыттар әзірленді:

1-нысаналы индикатор: Еңбек нарығының мониторингі, кәсіпорындардың мамандарға деген сұранысы.

Мақсаты: еңбек нарығында мамандықтарға сұраныс деңгейін анықтау, еңбек нарығының қажеттіліктеріне байланысты мамандарды даярлауды ашу немесе жабу.

2-нысаналы индикатор: Колледждің оқу-ақпараттық және материалдық-техникалық базасын жаңғырту.

Мақсаты: білікті мамандарды сапалы даярлау мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ тұлғаны дамыту мен тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету.

3-нысаналы индикатор: Колледж түлектерін жұмысқа орналастыру.

Мақсаты: облыс кәсіпорындарында олардың сұранысын талдау, олардың дайындық сапасын анықтау. жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамтудың өсуі.

4-нысаналы индикатор: Колледждің инженерлік-педагогикалық қызметкерлерінің кәсібилігі.

Мақсаты: білікті мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету.

5- нысаналы индикатор: Колледждің қаржылық тұрақтылығы.

Мақсаты: техникалық және кәсіптік білім берудің заманауи талаптарына сәйкес оқу орнын дамыту.

6- нысаналы индикатор: Елдің индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, білім беру мазмұнын жаңарту.

Мақсаты: қазіргі заманғы өндіріс талаптарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім алуды қамтамасыз ететін икемді және ашық білім беру жүйесін дамыту.

7-нысаналы индикатор: "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру.

Мақсаты: әлеуметтік-экономикалық жағдайда еркін бағдарланатын үйлесімді дамып келе жатқан тұлғаны қалыптастыру,

8- нысаналы индикатор: Дуальды оқыту жүйесі шеңберінде өңірдің кәсіпорындарымен, ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейту.

Мақсаты: өндірістің кадрлық әлеуеттің өсуіне, сондай-ақ қоғамның жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және еңбек нарығын дамытуға қажеттіліктерін қанағаттандыру.