12-13 қараша күні колледжде "Экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары" тақырыбы бойынша кураторлық сағаттар ұйымдастырылды. Кураторлық сағаттың мақсаты - табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, студенттердің экологиялық ойлауын дамыту, қазіргі әлемдегі экологиялық проблемалардың негізгі бағыттарын ашу, нақты мысалдармен экологиялық апаттардың ауқымын көрсету, осы проблемаларды шешудің кейбір жолдарын көрсету болып табылады.